Білім күні лидерлік дәріспен өтті
2011 жылы 1 қыркүйек Білім күнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Бөлекбаев Сағади Байзақұлының «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-гуманитарлық білім: мүмкіндіктері мен келешегі» тақырыбындағы лидерлік дәрісі өтті.
Дәрісте қазақстандық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның дамуының теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасының демократиялық жүйесінің дамуына салыстырмалы талдау, қоғамдағы азаматтық келісім мен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің рөлі қарастырылды. Бұл дәріске философия және саясаттану факультетінің барлық мамандықтарының 1 курс студенттері шақырылды.