ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу институттары экология және биотехнология мәселелерін талқылауда

3 ақпан, 2009

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде  экология мәселелерін ғылыми-зерттеу институты мен биология және биотехнология мәселелерін ғылыми-зерттеу институттарының біріккен «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі экологиялық биотехнология саласындағы жұмыстар» атты ғылыми-практикалық семинары өтті.

Семинарда техногенді жолдармен ластанған қоршаған орта күйін бағалауға қатысты әдістемелік шешімдер және бұзылған экожүйелерді қорғау мен  қайта қалпына келтіру тәсілдері, яғни, био- және фиторемедиация технологияларының іргелі аспектерін жасау; мұнайтотықтырғыш микрорганизмдер арқылы мұнаймен ластанған топырақты қайта қалпына келтіру; жинақтау қабілеті бар өсімдіктер арқылы пестицидтермен ластанған топырақты қайта қалпына келтіру; микробалдырларды пайдаланып ластанған су ағымын  тазалайтын биологиялық технологиясы; өсімдіктерді қорғайтын құралдар мен биостимуляторларды жасайтын технологиясы қарастырылды.

 

 

Экологиялық биотехнология саласындағы ғалымдардың қарқынды    ғылыми зерттеулердің нәтижелері бірталай, солардың ішінде: жоғары деңгейде мұнаймен ластанған топырақты тазалауға арналған микроорганизм штаммдары бойынша жасалған дәрі-дәрмектер, ветеринарияға арналған биологиялық дәрі-дәрмектер, өсуге ынталандыру белсенділігі бар  микробалдырлардан жасалған биологиялық дәрі-дәрмектер, микробалдырлар арқылы өнеркәсіптік өндірістердің ластанған су ағымын тазарту, ауыр металдар (Zn, Cd) және пестицидтермен ластанған топырақты өсімдіктер-аккумуляторларды пайдаланып тазарту технологиясы.

 

 

Семинарға ҚР ҰҒА академиктері М.Х. Шигаева және М.К. Гильманов, аль-Фараби атындағы КазҰУ-дің профессорлары А.А. Жубанова, А.Б. Бигалиев, Т.М. Шалахметова, Т.А. Карпенюк, Б.К. Заядан және т.б. қатысты.

 

 ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі