«Орталық Азия және Ауғанстан: аймақтық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

7 қыркүйек, 2011

2011 жылдың 6-қыркүйегінде халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық Азия және Ауғанстан: аймақтық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараның ұйымдастырушысы НАТО жөніндегі Ресурстық және ақпараттық орталық болып табылады.

Дөңгелек үстелге Дж. Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерттеу жөніндегі еуропалық орталықтың және АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс университетінің сарапшылары, атап айтқанда, профессор Грегори Глиссон, профессор Али Джалили, майор Стефан Шоенборн, полковник Томас Вильгельм, генерал Джон Репперт, сонымен қатар халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесу барысында Ауғанстандағы әскери-саяси жағдай, бұл елдегі тұрақтылықты орнату жолындағы көрші мемлекеттердің рөлі, Ауғанстанның болашақтағы дамуы сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі