Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының ұжымы заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Айгуль Муратбаевна Каратаеваны 2022 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендияты болуымен шын жүректен құттықтайды.
Бұл біздің Айгуль Муратбаевнаның және біздің университеттің үлкен ғылыми жеңісі деп білеміз. 2022 жыл бойы Айгуль Муратбаевна Ұлыбританияда, King's College London (Лондонның Корольдік колледжі) мемлекеттік университетінде ғылыми біліктілігін арттыратын болады.
Лондонның Корольдік колледжі - Ұлыбританиядағы әлемдегі ең үздік 10 университеттің бірі (2021 QS World University Rankings) және Англиядағы ең көне университеттердің бірі, әлемдік деңгейдегі сабақ беру және озық зерттеулер үшін үлкен беделге ие. "Research Excellence Framework (REF)" соңғы зерттеуінде Корольдік колледж зерттеу қызметінің сапасы мен санын ескеретін "мықтылар" ұлттық рейтингісінде 6-шы орынға ие болды.
Каратаева Айгуль 80-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде монографиялық зерттеулер мен оқу құралдарының; Scopus базасының халықаралық журналдарындағы мақалалардың авторы. ҚР БҒМ бағыты бойынша іргелі ғылыми зерттеулерді орындауға қатысушы, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.
Мемлекет тарапынан ғалымдардың мұндай қолдауы олардың біліктілігін арттыруға және өздерінің кәсіби білімдерін жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өткіміз келеді.