"Кеден ісі" мамандығы бойынша халықаралық аккредиттеу
Халықаралық аккредиттеу – әлемде білім сапасын қамтамасыз етудің ең кең тараған және тиімді моделі, ал шетелдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын аккредиттеу университетті дамытудың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.
Білім беру ұйымының білім сапасы мен ғылыми қызметінің деңгейін бағалау процесі, көрсетілетін қызметтер сапасының белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми растау -халықаралық аккредитацияның негізгі көрсеткіштері болып табылады. Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі IAAR (INDEPENDENT AGENTY FOR AKCREDITATION AND RATING) – білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі (2011 жылы құрылған).
2022 жылдың қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіндегі «6B04203 Кеден іс » және «7M04214 Кеден ісі» магистратуралық білім беру бағдарламасы «АКРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТтігінде» 5 жылдық мерзімге халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.