«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-мен ынтымақтастық перспективалары туралы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінде ұйымдастыруымен «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясы “КМГ Инжиниринг” ЖШС өкілдері инжиниринг эксперті Тулешов Максат және Байсейтова Жанна, механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Дәурен Бақытбекұлы, деканның орынбасары Каруна Оксана Леонидовна, механика кафедра меңгерушісі Ракишева Зауре Баяновна, механика кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Туралина Динара Елеусізқызы, «Механика-энергетика» БББ координаторы Тунгатарова Мадина Советкалиевна, есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі Темирбеков Алмас Нұрланұлы, химия факультетінен Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі Аубакиров Ермек Айтқазыұлы, профессор Конуспаев Сапаргали Ретаевич, доцент м.а. Игембаев Идеят Болатұлының қатысуымен ынтымақтастық перспективалары туралы дөңгелек үстел өтті.
“ҚМГ Инжиниринг” өкілі М.Тлешев «ABAI» заманауи ақпараттық жүйесінің жобасымен таныстырды.
Әңгіме барысында келесі мәселелер қозғалды:
- · "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобының мұнай-газ кен орындарына тән неғұрлым проблемалық мәселелер тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламалары аясында ғылыми зерттеулер тақырыптарын бірлесіп әзірлеу;
- · Мұнай-газ саласының өзекті өндірістік міндеттерін шешуге бағытталған білім беру бағдарламалары шеңберінде бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде геология, гидродинамика, кен орындарын әзірлеу және цифрландыру саласында инновациялық шешімдерді құру, тестілеу және іс жүзінде енгізу;
- · ҚазҰУ-дың бакалавриат және магистратура бағдарламалары аясында курстық жұмыстарға және бітіру біліктілік жұмыстарына (дипломдық жұмыстар мен диссертацияларға) бірлесіп ғылыми жетекшілік ету.
- · «KMG Engineering» ЖШС базасында ҚазҰУ студенттерінің өндірістік, дипломалды практикасын және магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми-зерттеу практикасы мен ғылыми тағылымдама ұйымдастыру және өткізу; түлектерді жұмысқа қабылдау.