Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай профессорлар Мұхтарбай Өтелбаев пен Асқар Жұмаділдаев әл-Фараби күміс медалімен марапатталды

14 ақпан, 2022

2021 жылғы 24 желтоқсанда ҚазҰУ-да (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әл-Фарабидің күміс медалімен марапаттау ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік деңгейдегі ғұлама математик-ғалым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясының академигі-Мұхтарбай Өтелбаев.

Мухтарбай Өтелбаев - функционалдық анализ және оның қолданыстары бағытының көрнекті маманы, елімізде және шет елдерде жоғары баға алған 3 монография мен 200-ден аса ғылыми еңбек пен өнертапқыш туындылар авторы. Оның 70-тен аса еңбегі беделді (ISI импакт-факторлы, немесе SCOPUS мәліметтер қорына енетін) халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланды.

Негізгі ғылыми еңбектері функционалдық анализ және оның қолданыстарына, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясына, функционалдық кеңістік теориясына, есептеу математикасына, шекаралық есептердің жалпы теориясына арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. 5 патенттің иегері.


Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, көп жылдар бойы педагогикалық және ғылыми қызметпен табысты айналысып келеді.

2016 жылы Асқар Жұмаділдаев "Ел Тұлгасы" (Имя Родины) ұлттық жобасының "Ғылым" номинациясы бойынша номинанттардың бірі болып таңдалды. Жобаның идеясы Қазақстанның ең маңызды азаматтарын іріктеп алу болды, олардың есімдері қазір елдің жетістіктерімен байланысты. Бұл жобада 350 000-нан астам адам дауыс беріп, Жұмаділдаев өз санатында 2-ші орынға ие болды.

Асқар Жұмаділдаевтың ғылыми қызметінің негізгі саласы-массоциативті емес алгебра теориясы. Бұл салада ол әйгілі Батыс журналдарында 100-ге жуық жұмыс жариялады. Оның осы саладағы ғылыми еңбектері математикалық қоғамдастықта кеңінен танымал болды.

Ғұлама профессорларды Мұхтар Өтелбаев және Асқар Жұмаділдаевты Қазақстан Республикасының ғылымы мен білімін дамытудағы үлкен еңбегін ескере отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби» күміс медалімен марапаттайды.