Бизнес элита дайындайтын мектеп

15 ақпан, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында MBA және DBA (Master and Doctor of Business Administration) бағдарламаларын сәтті жүзеге асыратын Әл-Фараби бизнес мектебі құрылды. Бұл кәсіпті жетілдіруді жалғастыратын және тамаша мансап құруды жоспарлаған әрбір адам үшін теориялық білім мен практикалық бизнесті басқару дағдыларын алуға үлкен мүмкіндік.


Іскерлік білім берудің бүгінгі нарықтағы сұранысы жоғары. MBA/DBA дипломы беделдіктен бұрын, кәсіпкерлер мен топ-менеджерлер үшін уақыт талабы болып отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында құрылған Әл-Фараби бизнес мектебінде көпжылдық тәжірибесі бар үздік оқытушылар, профессорлар, сарапшылар мен практиктер дәріс береді. «Бүгінде мектепте білім алу үшін барлық жағдай жасалған: студенттер тек теориялық және қолданбалы ақпараттың ауқымды көлемін ғана емес, сонымен қатар желілік байланыс, тәжірибе алмасу, ірі халықаралық компанияларда тағылымдамадан өтуде», – дейді Al Farabi Business директоры Жарасхан Сариев. Бизнес мектепте (мысалы, шет тілінен түсу емтиханы жоқ) білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігі, сабақ кестесі мен қабылдау шарттары аса қолайлы және оның басқа да көптеген артықшылықтарын біздің университет түлектері, Халық банкі, CELL SYSTEMS, «Маңғыстау аймақтық электр желілері компаниясы», ВТБ, «СберБанк» шағын және орта бизнестің, ірі компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының топ-менеджерлері мен басшылары жоғары бағалаған.

Әл-Фараби бизнес мектебінің бағдарламалары негізгі ұйымдастырушылық процестерді мақсат білім деңгейін көтеріп, топ-менеджер болғысы келетіндерге арналған. Кәсіпкерлер тиімділікті арттыратын, қазіргі бизнесін кеңейтуге немесе жаңа түрін ашуға мүмкіндік беретін білім ала алады. Түрлі салалардың мамандары оқыту нәтижесінде көшбасшылық қасиеттерге ие болып, тәжірибе жинақтайды, ірі компаниялардағы лауазымдарға үміткер атанып, жеке табысын арттыра алады.

Модульдік-қашықтан оқыту форматындағы МВА білім беру бағдарламасының екі жылдық оқу мерзімі арнайы біліктілігі жоқ, бірақ басқару саласында тәжірибесі мен дағдылары бар адамдарға арналған. Онда білім алушылардың практикалық тәжірибесі мен менеджменттің академиялық тұжырымдамалары біріктірілген. Бағдарлама қиын жағдайларда стратегиялық көшбасшылыққа қатысты білім береді.

Мектеп MBA Business магистрлерін даярлайды (тәжірибелі менеджер үшін мансаптық үдеткіш және кәсіби қызмет бағытын өзгерту құралы); спорттағы MBA (спорт индустриясының менеджерлері үшін); денсаулық сақтау саласындағы MBA (Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық және операциялық менеджментті тереңдетіп оқытатын бірегей және жетілдірілген бизнес-әкімшілік курсы).

Executive MBA білім беру бағдарламаларының (туризм, бизнес, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, персоналды басқару) тыңдаушылары бір жыл оқиды. Бұл бағдарлама қызметкерлермен жұмыс істеудің нақты әдістерін игере отырып, мансаптық саты бойынша серпіліс жасағысы келетін үлкен еңбек өтілі бар аға менеджерлерге арналған. Бизнес иелері өз бизнесін жаңа қырынан зерделеп, тұрақсыз нарықтық ортада жылдам ілгерілеуге қол жеткізе алады.

Ал тәжірибелі аға менеджерлер үшін модульдік қашықтық форматында үш жылдық оқу мерзімі бар DBA (Іскерлік әкімшілендіру докторы) бағдарламасы тиімді. Тәжірибелі сарапшылар студенттерге бизнес саласын терең зерттеуге және академиялық мүмкіндіктерді арттыруға көмектеседі. DBA дәрежесін сондай-ақ туризм, бизнес, білім және денсаулық сақтау сияқты салаларда алуға болады. Бірегей DBA бағдарламалары қарапайым, икемді, қолжетімді, жылдам және жоғары сапалы.

Әл-Фараби бизнес мектебінің түлектері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үлгісіндегі MBA және DBA білім беру бағдарламалары бойынша магистр дәрежесін және тағылымдамадан өткені туралы халықаралық сертификат алады. Бонус ретінде әлемнің жетекші университеттерімен бірге қосдипломдық бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бар.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі