«Парасат» кәсіподақ ұйымы жұмысын қорытындылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымы дәстүрлі есеп беру конференциясын өткізіп, жылдық жұмысын қорытындылап, белсенділерді марапаттады.
Жиын басында кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Мекебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қоғамындағы кәсіподақтардың рөлін жоғары бағалап, кәсіподақ қозғалысының алдына үлкен міндеттер қойғанын айрықша атап өтті.
Бүгінде 33 құрылымдық бөлімшеден құрылған университеттің кәсіподақ ұйымына 4265 адам мүше. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметкерлері жергілікті «Парасат» кәсіподақ ұйымы, әлеуметтік-еңбек, құқықтық және экономикалық қауіпсіздікті одан әрі жақсартуға, қызметкерлердің демалысын, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарды атқарып келеді.
Кәсіподақ ұйымының қатысуымен демалыс кестелері, ішкі тәртіп ережелері, нұсқаулықтар бекітіліп, университет қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету туралы шешімдер қабылданады. Сондай-ақ құрылып жатқан комиссиялар қызметкерлердің, оның ішінде жеке еңбек даулары бойынша өтініштерін қарастырады. Университет мәртебесінің өзгеруіне байланысты қазіргі таңда кәсіподақ комитеті мүшелерінің қатысуымен қоғамның нормативтік құжаттарының жобалары әзірленуде.
ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев университеттің қаржылық қызметінің негізгі мақсаты студенттер мен оқытушыларға барынша қолайлы жағдай жасау екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл мақсатқа жету университеттегі кәсіподақ рөлінің күшеюіне ықпал етеді.
Кәсіподақ санаторийге жолдама құнының 50 пайыз мөлшерінде өтемақы және қызметкерлердің балалары үшін жазғы лагерьлерге 100 пайызға дейін жеңілдік берді. Мерейтойларды атап өтуге қаражат бөлінді.
Жиын барысында университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Фатима Жақыпова кәсіподақ ұйымының жұмысына баға беріп қана қоймай, бүгінгі уақытта қолдануға болатын жаңа жұмыс түрлерін ұсынды. Проректордың қаржылық қызмет жөніндегі кеңесшісі Ж.Сатаев ҚазҰУ-дың ғимараттары мен жатақханаларын жөндеу кезіндегі кәсіподақтың көмегін жоғары бағалады.
Университет өміріндегі кәсіподақтың жұмысын журналистика факультетінің профессоры Л.Ахметова атап өтті. Ал физика-техникалық факультетінің кәсіподақ мүшесі Д.Исмаилов өзінің тәжірибесімен бөлісті. Академик Б.Кәрібаев қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға бағытталған кәсіподақ қызметін күшейтуді ұсынды. Көптеген маңызды сұрақтарға кәсіподақ комитетінің заңгері Д.Рысқалиев жауап берді.
Білім беру мекемелері мен ғылыми-инновациялық ұйымдардың білім алушылары мен қызметкерлерінің «Парасат» салалық кәсіптік одағының төрағасы Д.Жанатаев кәсіподақ белсенділерін марапаттады.
Конференция делегаттары университет кәсіподағының барлық деңгейдегі қатысушылардың сындарлы диалогын, өзара құрмет негізінде ұжымды топтастырып, әлеуметтік әділеттілік қағидатын лайықты орындағанына көз жеткізді.
Ольга ЛОЖНИКОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің
«Парасат» кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары