Нигде Омер Халисдемир университетіндегі ғылыми тағылымдама

21 ақпан, 2022

Биология және биотехнология факультетінің, «Биотехнология» мамандығының 2 курс магистранттары 17-сі мен 31-ші қаңтар аралығында Турция мемлекеті, Нигде қаласы – Нигде Омер Халисдемир атындағы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдаманың өту базасы - Айхан Шахенк атындағы ауыл шаруашылығы ғылымдары және технологиялар факультеті, ауылшаруашылық генетикалық инженерия кафедрасы.

Ауылшаруашылық ғылымдары және технологиялар факультетінің ғылыми-зерттеу қызметімен танысты. 

Ғылыми тағылымдаманың өту барысында: Өсімдік ұлпаларын анатомиялық және гистохимиялық зерттеу әдістерімен қатар, Гендік инженерия әдістерін ауыл шаруашылығында қолдану перспективалырымен танысып, зертханада «Өсімдік тұқымдары мен көшеттерінен ДНҚ-ны бөліп  алудың негізгі әдістерімен» айналысты.

Айхан Шахенк атындағы ауылшаруашылық ғылымы және технологиясы факультеті Түркиядағы ауыл шаруашылығы саласында 100% ағылшын тілінде білім беретін алғашқы және жалғыз факультет болып табылады.

Ғылыми тағылымдамадан өтуші «Биотехнология» мамандығының 2 курс магистранттары:

Аскерова Айнұр

Ибатова Анара

Илбаева Гүлдана

Мақұлбек Арай

Сыздық Меруерт

Қуанышбек Перизат