Жаһандану мен интернет дәуірінде, корона дағдарысы жағдайында қазіргі жастарға қаржылық, онлайн пирамидалар, онлайн ойындар әсерін тигізеді, бұл біздің студенттер мен ата-аналарымыздың моральдық-психологиялық жағдайына және материалдық жағдайына зиянын тигізеді.
Сондықтан тарих факультетінің деканы Ноғайбаева Меңдікүл Сағатқызының өтініші бойынша Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Бимендиева Лейла Абдрашевнамен келісе отырып, 22 ақпан күні сағат 12.00-де Нұрмағамбетова Ажар Зейнуллақызының атынан «Қаржы және есеп» кафедрасының жұмыс берушісі – «Financial Consulting» ЖШС құрылтайшысы және Қадағалау кеңесінің төрағасы Тұрмағамбетов Қайрат Жұмабекұлының қатысуымен «Қаржылық білім. Қаржылық сауаттылық қаржылық пирамидаларға қарсы тұру құралы ретінде» атты дәріс ұйымдастырды.
Кафедра қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу және қаржылық пирамидаларға қарсы тұру бойынша дәрістер топтамасын өткізуді жоспарлап отыр. Дәрістер қоғамдық-тәрбие жұмысы аясында өтеді.