2022 жылдың 23 ақпанында республикалық «Казахстанская правда» газетінде «Менеджмент» кафедрасының профессоры Жұманбаев Сейсенбай Кәрімұлының «Жалақы өсімінің факторларын іздеу» атты өзекті тақырыпта мақаласы жарияланды.
Мақалада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларында қызыл жіптей үзілмей келе жатқан халықтың жалақысы мен табыс деңгейін арттыру мәселелері қарастырылды. Мақалада Қазақстанның ЖІӨ-дегі жалақының үлесі бойынша деректер, сондай-ақ шет елдердің көрсеткіштерімен салыстыру, өңіраралық және салааралық аспектідегі жалақының теңсіздігі, құқықтық реттеу мәселелері, ұлттық серіктестік жүйесі және т.б. орын алды.
Мақала туралы толығырақ ақпаратты https://www.kazpravda.kz/articles/view/poisk-faktorov-rosta-zarplati сілтемесі бойынша алуға болады.