Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Халықаралық интеграция және шекара маңы ынтымақтастығы мектебі-2021»

24 ақпан, 2022

Жобаның мақсаты ТМД мемлекеттерініңшекара маңы өзара іс-қимылы саласында жастардың, ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық ынтымақтастығын орнатуға жәрдемдесуді талқылау болып табылады.

Мектептің жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "ТМД елдерінің халықаралық интеграциясы және шекара маңы ынтымақтастығы: даму перспективалары мен жаңа бағыттары" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Аталған іс-шараның пікірталас алаңына Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина, Финляндия, Армения Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қазақстан Республикасының сарапшылары қатысады.

Конференцияның пленарлық отырысының бағдарламасына ЕАЭО елдерінің экономикалық, мәдени және саяси өзара іс-қимылының өзекті проблемалары және ТМД елдері арасындағы жария дипломатияны нығайтуға ықпал ететін одан әрі ынтымақтастық перспективалары бойынша жетекші ғалымдардың баяндамалары енгізілді.

Халықаралық ғылыми мектепке қатысу қорытындысы бойынша студенттер мен жас ғалымдар қатысушы сертификаттарына ие болады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Менеджмент» кафедрасы 8(727) 377 3333 (12-48)