Іс-шараның атауы: «Алғыс айту - парызым»
Өткізу уақыты: Сағат 11:00 2022 жылы 01 науырыз.
Өткізу орны: заң факультеті 4-зал
Іс-шараның ұйымдастырушылары: з.ғ.д., профессор Жатканбаева, аға оқытушы Адилгазы С., аға оқытушы Есекеева А.А., з.ғ.к Айдарханова К.Н., з.ғ.к., доцент м.а. Джангабулова А.К.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне құрмет пен төзімділікке, патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту. Біздің елімізде болған 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына орай, ел Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бастамаларын қолдау мақсатында Президент ұсынған бағдарламалармен келісетінімізді және белсенді азаматтық ұстаным танытуға және жаңа Қазақстанды құруға бар күш-жігерімізді жұмсауға шақырамыз. Іс-шара жас ұрпақты патриотизм, бірлік және Қазақстан халықтарының достығы рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Ұйымдастырушы: Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы. Өткізілу уақыты: 01.03.2022 жыл.