Cтуденттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультеті 2022 жылдың 6 сәуірінде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға қатысуға Қазақстан мен ТМД елдерінің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары шақырылады.
Конференцияда әртүрлі ғылымдар, соның ішінде құқықтану, сонымен бірге ғылыми жаңалықтар салаларындағы теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар қарастырылатын болады.
Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.
Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2022 жылдың 6 сәуірінде тыңдалатын болады. Конференция шеңберінде секция жұмыстары мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1. Азаматтық, отбасы және кәсіпкерлік құқық;
2. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы;
3. Азаматтық іс жүргізу және татуластыру рәсімдері;
4. Қаржылық-құқықтық пәндер;
5. Қазақстан Республикасындағы жасыл экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері;
6. Теориялық-құқықтық;
7. Конституциялық-құқықтық;
8. Әкімшілік-құқықтық;
9. Парасаттылық мектебі;
- Қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық атқару құқығының өзекті мәселелері;
11. Сот билігі және қылмыстық процесстің өзекті мәселелері;
12. Сот сараптама және криминалистиканың өзекті мәселелері;
Конференцияға қатысумен байланысты барлық шығындар қатысушылардың өз қалталарынан өтеледі. Конференция материалдарының тезистері жеке жинақтар түрінде әр оқу саласы бойынша басылып шығарылады.
Қатысуға өтініштер мен тезистерді конференция секцияларының хатшылары қосымшаға сәйкес 2022 жылдың 14 наурызына дейін қабылдайды.
Тезистерге қосымша ретінде файлда автор жөнінде мәліметтер көрсетілуі керек (қатысуға өтініш), файлды өз тегіңізбен атаңыз.
Тезистер (мақалалар) төмендегідей тәртіппен рәсімделуі тиіс:
- · Көлемі 3 бетке дейін;
- · Windows 98/2000/XP бағдарламасы; Microsoft Word 2003;
- · Беттің параметрлері: жоғарғы жол - 2 см., төменгі жол - 2 см., сол жақ - 3 см., оң жағы 1,5 см.;
- · Қаріп Times New Roman, KZ Times New Roman; қаріп өлшемі – 12 pt;
- · Жоларалық интервал дара; абзацтық шегініс- 1 см; кітаптық бағдарлау; бет колонтитулдары және қоюларсыз; мәтін ені бойынша тегістелген;
- ·
Конференция ұйымкомитеті жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтын, конференцияның негізгі бағыттарынан тыс жасалған баяндамаларды қабылдамауға құқығы бар. Ұйымкомитет баяндама мәтіндеріне редакция жасамайды. Жарияланатын мақалаға жауапкершілікті авторлар алады.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген тізімнен алуға болады.
Конференция оргкомитетінің мекен-жайы мен байланысы: Қазақстан Республикасы, 050040, г. Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71.
№ |
Бөлім |
Жауапты тұлғаның аты-жөні |
Байланыс мәліметтері |
1.
|
Қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминологияның өзекті мәселелері |
Муратова А.Ж. |
8 705 180 78 84
|
2. |
Сот билігінің және қылмыстық процестің өзекті мәселелері
|
|
8 700 273 69 83
|
3.
|
"Криминалистика және сот сараптамасының өзекті мәселелері |
Рахметова Т.А. |
8 707 286 52 14
|
4.
|
Қаржылық-құқықтық пәндер |
PhD докторы, аға оқытушы Адилгазы С. |
87011087555, serikhan.adilgazi@gmail.com |
5.
|
Қазақстан рсепубликасында «жасыл» экономиканы қалыпттастырудың құқықтық мәселелері
|
аға оқытушы Шуланбекова Г.К. |
87478357729, gul15-73@mail.ru
|
6. |
Теориялық-құқықтық секция
|
Усеинова К.Р. |
+77018018688 karlygash_usein@mail.ru |
7. |
Конституциялық-құқықтық секция
|
Усеинова К.Р. |
+77018018688 karlygash_usein@mail.ru |
8. |
Парасаттылық мектебі |
Усеинова К.Р. |
+77018018688 karlygash_usein@mail.ru |
9. |
Әкімшілік-құқықтық
|
Усеинова К.Р. |
+77018018688 karlygash_usein@mail.ru |
10 |
Азаматтық, отбасылық, кәсіпкерлік құқық |
Оқытушы Төрегелді Гулнара Орынбекқызы |
tel.: +7(775)6581200 электрондық пошта: gulnaratoregeldi@gmail.com |
11
|
Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы |
Аға оқытушы Карашева Жанар Толеубековна |
tel.: +7(777)9999558 электрондық пошта: zari-82@mail.ru |
12 |
Азаматтық іс жүргізу және татуластыру рәсімдері |
Аға оқытушы Сапарбекова Жазира Сапарбекқызы |
tel.: +7(775)9206006 электрондық пошта: Zhake9344@mail.ru |
Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша жауапты тұлға: Заң факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары Алимкулов Е.Т. (Жұмыс тел.: 87273773333, ішкі: 32-32, e-mail: Erbol.Alimkulovt@kaznu.kz)
Қосымша
БАЯНДАМА АТАУЫ
автордың аты-жөні
жоо, факультет,
мамандық, студент,курс
Ғылыми жетекші
Ғылыми жетекшінің аты-жөні
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Баяндама мазмұны (негізгі мәтін)..............
Әдебиеттер тізімі
Тіркеу формасы :
Аты-жөні (толығымен): _____________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны: ____________________________________________
Қызметі, ғылыми дәрежесі (Студенттер үшін - курс):____________________
Байланыс телефоны: ________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы (е-mail): ______________________________
Жарияланған материалды жібере алатын пошталық мекен-жайы: __________________________________________________________________
Конференция бөлімі: _______________________________________________
Ауызша байланыс немесе афиша: _____________________________________
Есепті көрсетуге талап етілетін техникалық құралдар: ___________________
Студенттер үшін - аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жетекшінің ғылыми атағы