«Наурыз: дәстүр және жаңғыру» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясы.

16 наурыз, 2022

 

2022 жылы 15 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі және «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейімен бірлескен «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясын өткізді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасында: «Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру» - деп атап өтілген.

Конференция жұмысының барысында наурыз мерекесінің жаңғырған қазақ қоғамына әсері, ұлттық құндылықтар, ұлттық бірегейлік мәні талданады. Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салтын насихаттайтын, бай материалдық және рухани мәдениетті көрсететін көрме және дәстүрлі тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Конференцияға отандық тарихшы, этнолог, археолог, музейтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.