«Инновациялық Қазақстан» Республикалық идеялар конкурсы

16 қыркүйек, 2011

КОНКУРС ТУРАЛЫ

Конкурс не үшін керек

«Инновациялық Қазақстан» Республикалық идеялар конкурсы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қамқорлығымен өткізіледі және мыналарға бағытталған:

- Қазақстан жастарының инновациялық ой-санасын дамытуды ынталандырады;
- Талантты жастардың жігерін қалыптастырады;
- «Жобалар мен идеялар қорын» жасақтайды.


Біз қандай идеяларды жинақтаймыз
Конкурс аясында «Самұрық-Қазына» қоры жастардың Қазақстандағы өмір сапасын мына бағыттар бойынша жақсарту жөніндегі бастамасын айқындау және қолдау:


«Технологиялық серпін» (ғылым, технологиялар, өндіріс):

• Инженерлік-техникалық инновациялар;
• Ақпараттық технологиялар;
• Өндірістік қызмет;
• Энергия үнемдеу технологиялары;
• Экология және табиғатты пайдалану;
• Басқарушылық инновациялары.

Мына салалардағы «әлеуметтік идеялар»:

• Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау;
• Мемлекеттік, жергілікті басқару;
• Қоғамдық-саяси өмір;
• Өңірлердегі, қалалардағы, ауылдардағы инфрақұрылым, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы.


Жобалар техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғысынан тиімді болуы, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс.



Жұмыстарды іріктеу өлшемдері


• идеялардың бірегейлігі;

• идеялардың жүзеге асырылуы, орындалуы;
• тиімділігі (оңтайлы қаржыны тарта отырып, шектеулі мерзімде идеяларды жүзеге асыру);
• тасымалданушылық (өмірдің әртүрлі саласында қолдану);
• ықпалдың ауқымдылығы (идеяларды жүзеге асырудан қанша адам пайда табады).


Кімдер қатыса алады
Конкурсқа 15-тен 30 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады


Өтінім қалай беріледі
Жобаны ресімдеу:
- негізгі мәтіннің көлемі – А4 пішіміндегі 20 беттен аспайды (мәтіндік құжат немесе тұсаукесер);
- жұмысқа жоба мәтініне қосымша түрінде ресімделген графиктер, кестелер мен басқа да графикалық материалдар қоса берілуі мүмкін, қосымша көлемі – А4 пішіміндегі 10 беттен аспайды;
- Times New Roman шрифтi,14 пт., жоларалық қашықтық – біржарым;
- беттер нөмірленуі тиіс, парақтар брошюраға жинақталмайды және тігілмейді;
- егер өтінім электрондық почтамен жіберілсе, файл көлемі 2 Мб-дан аспауы тиіс;
- егер жоба көлемі 2 Мб-дан асып кетсе, файлды дискіге жазып, ол почтамен немесе қолма қол жеткізілуі тиіс


Өтінім 2011 жылғы 7 қыркүйектен бастап (Астана уақыты бойынша 9.00-ден) 1 желтоқсан аралығында (Астана уақыты бойынша 18.00) i-kaz.kz, сайтында онлайн тіркелу жолымен, сондай-ақ мына: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 32, 1-қабат, 102-бөлме («Инновациялық Қазақстан» конкурсына қатысу үшін» белгісімен).



Жеңімпаздар қашан және қалай анықталады
Барлық жіберілген жұмыстарды бағалау және Конкурстың әр номинациясы бойынша 10 финалға шығушыны іріктеу 2011 жылғы 2 – желтоқсан 9 қараша аралығында жүргізіледі. Финалға шығушылар ішінен Комиссия 2 жеңімпазды айқындайды.


Жеңімпазға не беріледі

10 финалға шығушы бағалы сыйлықтар алады. Ал 2 жеңімпаз (әр номинация бойынша бір-бірден) басты сыйлық – 5 млн. теңге сомасына шетелде оқу грантына ие болады, ол мынадай түрде пайдаланылуы мүмкін:
- ірі шетел оқу орындарының бірінде non-degree бағдарламасы бойынша оқу (дәреже берілмей);


- тілдік ортаға бара отырып, шет тілін оқу;
- шетел компанияларында ғылыми/өндірістік тағлымдамадан өту.

толығырақ