Тұңғыш жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өтеді

17 қыркүйек, 2011

«22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесіне орай, 2011 жылдың 19-27 қыркүйегі аралығында университетімізде алғаш рет жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өткізіледі.

Осы мереке аясында университетімізде төмендегі іс-шаралар өткізіледі:

1. «Үштұғырлы тіл; бүгіні мен болашағы» атты пікірталас

2. «Тілге құрмет – елге құрмет» прозалық және «Ана тілім ардағым» поэзиялық шығармалар байқауы

3. «Абай оқулары» шығыс, батыс, славян тілдерінде

4. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбы аясында ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен кездесу

5. Тілдік клубтардың тұсаукесері

6. Аудармашылар клубының ашық мәжілісі

7. «Шығыс тілдерінің білгірі» байқауы

8. «Мемлекеттік тіл – іскери тіл» атты университет қызметкерлері арасындағы байқау

9. Ағылшын, неміс, француз, испан тілдерінің үздік білгірі

10. «Жас лингвистер» клубының тұсаукересі

11. «Мемлекеттік тілдің ең үздік білгірі» олимпиадасын қорытындылау

12. Флешмоб «Мемлекеттік тіл – менің тілім»

13. «Қазақша сөйлесейік!» акция

14. Қазақша би кеші «Мен ҚазҰУ-дың студентімін»

15. «Тілдер» фестивалінің жабылуы

Мереке «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанатымен қортындыланады. Бүгінгі таңда еңбек нарығының сұранысына сәйкес болу үшін және түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалып жатқан осындай игі шаралардың маңызы зор.

Әлемнің саяси картасында өз елінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен рухани құндылықтарының сақталып, олардың материалдық әл-ауқатының дамуына жағдай жасап отырған елдердің бірегейі Қазақстан. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты қазақстандық әлеуметтің барлық ұлттық топтарына жағдай жасауға бағытталған.

Әр ұлттың басын қосып, болашақ тұғырының берік, алдаспанының бақыты — халықтар достастығын нығайтудың дәнекері болып табылатын тіл мерекесі елімізде дәстүрлі аталып өтетін іс-шаралардың біріне айналған

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент