Республиканың көшбасшының қолында болуы
Желтоқсан айының 1-жұлдызында «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы 1 курс студенттерімен ZOOM платформасы арқылы, сағат 15:00, Тұңғыш Президент күніне орай ашық сабақ өткізілді.
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Сол себепті болар, елбасымыз халық арасында зор құрметке ие.
1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты. Сайлауға қатысқан халықтың 98,78 пайызы дауыс берді. 5-ші желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Ол бойынша республикадағы 21 сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілген. Олардың ішінде сайлауға 8 788 726 адам немесе 88,23% дауыс беруге қатысқан.
Сайлау нәтижесі бойынша Н.Назарбаевты қолдап сайлаушылардың 8 681 276-сы дауыс берген, бұл дауыс беруге қатысушылардың 98,78% пайызын құрады. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді.
Тұңғыш Президенттің қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Ал осыдан 6 күн өткенде Қазақстан Республикасы әлемге өз Тәуелсіздігін жариялады. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданған болатын.
Осы заңда 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі болып белгіленді. Яғни бүгін Тұңғыш Президент күні осымен 8-ші рет аталып өтеді.