Корейтану Корейтану апталығы өз мәресіне жетті

1 сәуір, 2022

Корейтану апталығының соңғы күні Алматы қаласындағы Корея Республикасының білім беру орталығының директоры Ким Тэхван мырзаның арнайы лекциясымен өз мәресіне жетті. Ким Тэхван мырза Корейтану бөлімінің студенттеріне Әл Фараби атындағы ҚазҰУ  мен Корея Республикасының Білім беру орталығының білім беру саласындағы серіктестігі мен алмасу бағдарламалары тақырыбында лекция оқыды. Лекциядан кейін студенттер Кореядағы жоғарғы оқу орындарында білім алу мен GKS бағдарламасы арқылы магистратураға құжаттар тапсыру процессі туралы көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Ісшара соңында директор Ким Техван Корей тілі байқауынан жүлделі орындарға ие болған студенттер мен ынталандыру сыйлықтарының иегерлерін марапаттады. Кафедрамызда өткен «Корейтану апталыңының» тікелей демеушісі Алматы қаласындағы Корея Республикасының білім беру орталығы екенін еске саламыз.