КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

22 сәуір, 2022

 

2022 жылы 21 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы университеттің дайындық курсында оқитын білімгерлерге кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Атап айтқанда, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент м.а. Жұматай Ғабит Бекенұлы және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, т.ғ.к., профессор м.а. Алпысбаева Нұрзипа Көмешбайқызы, сондай-ақ т.ғ.к., аға оқытушы Нұрпейісова Бақыт Іслямбекқызы, т.ғ.к., профессор м.а. Мұқажанова Толқын Нұрасылқызы, аға оқытушы Абдрахим Мирас Еркінұлы болашақ талапкерлерге кәсіби бағыт-бағдар берді. Университеттің, соның ішінде, Тарих факультетінің мамандықтары туралы кеңінен ақпараттар беріп, сұрақтарға жауап берді.