ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЕРІКТІ СТУДЕНТТЕРІ

24 сәуір, 2022

2021 жылдың қараша айынан бастап тарих факультетінде еріктілер тобы жұмыс істейді. Оның құрамында "6В02205 – Тарих" мамандығының 2 курс студенттері Ботанов Дияр, Шалабанова Аружан және Дүйсенғазин Сұлтан бар.

Олар Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобына ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақстанда байлар мен кулактарды тәркілеу бойынша бірегей мұрағаттық құжаттарды іздестіруде елеулі көмек көрсетті.

 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Республикалық жұмыс тобының мүшесі , т.ғ.д. С.Ә. Жәкішева