"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

21 қыркүйек, 2011

19.09.2011 / 12:07

Алматыда тұңғыш жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өтеді

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «22 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесіне орай 19-27 қыркүйек күндері әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде алғаш рет жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің апталығы өткізіледі.

Осы мереке аясында университте «Үштұғырлы тіл: бүгіні мен болашағы» атты пікірталас; «Тілге құрмет - елге құрмет» прозалық шығармалар және «Ана тілім ардағым» поэзиялық шығармалар байқауы; шығыс, батыс, славян тілдерінде «Абай оқулары» және «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбы аясында ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен кездесу өтеді. Сонымен қатар тілдік клубтардың тұсаукесері, аудармашылар клубының ашық мәжілісі, «Шығыс тілдерінің білгірі» байқауы, «Мемлекеттік тіл - іскер тіл» атты университет қызметкерлері арасындағы байқау мен қоса тағы көптеген шаралар іске аспақ.

Аталған мереке «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанатымен қортындыланады. Бүгінгі таңда еңбек нарығының сұранысына сәйкес болу үшін және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалып жатқан осындай игі шаралардың маңызы өте зор екені белгілі.