Магистратура мен докторантураға қабылдау туралы
Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Ректорлар кеңесі тамыз кеңесінің отырысында магистратура мен докторантураға қабылдауға қатысты ұсыныстар енізген болатын.Елжей-тегжейлі талқылаудан кейін біз қабылдау өрежелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадық.Енді магистратура мен докторантурага қабылдау жылына екі рет өткізіледі.Яғни, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз айында және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылады.Осы норма 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қосымша ұйымдастырады. Құжаттарды қабылдау қараша айында басталады.Әлбетте, кұжаттары мен емтикандарын тапсыруға, қажетті сертификаттарды алуға үлгермеген азаматтар үшін бұл жағымды жаңалық екені сөзсіз.Жазғы қабылдау науқаны мен өткізілген емтихандардың қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураға арналған білім беру гранттарының артық қалуына байланысты азаматтар осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік гранттарды иелене алады.Дайындық бағыттары белінісінде гранттардың саны мен құжаттарды қабылдаудың нақты мерзімдері туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.