Құттықтаймыз!

4 мамыр, 2022

Информатика кафедрасының аға оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, "Үздік оқытушы 2020" атағының иегері Кабдрахова Сымбат Сейсенбекқызы бүгін туған күнін атап өтуде.

Сымбат Сейсенбекқызы,
туған күніңізге деген ең жылы құттықтауымызды қабыл алыңыз! Жинақталған тәжірибеңіз бен даналығыңыз сізді жаңа биіктерге жеткізе берсін!
Сәттілік, шабыт және жігер әрқашан сіздің адал серігіңіз болсын. Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік, көрер қызығыңыз мол болсын. Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер орындалып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!
Сізге шығармашылық табыс тілейміз!

Информатика кафедрасының ұжымы.