Докторанттың ғылыми тағылымдамасы

4 мамыр, 2022

Ақпараттық жүйелер кафедрасы Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының 3 курс докторанты Жұмабекова Айдана Төлеуқызы ғылыми тағлымдамадан АҚШ-тың Индиана штаты, Уэст-Лафайет қаласының Пердью университетінде өтіп жатыр. Диссертация жұмысының тақырыбы: Машиналық оқыту әдістері мен нейрондық желілерді пайдалана отырып, қауіпті анықтау жүйесін құру. Ғылыми жетекшісі - Эрик Мэтсон. Тағылымдамадан өту уақыты 01.03.2022-31.05.2022.