«Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры» тақырыбында мерекелік ашық сабақ

4 мамыр, 2022

Өткізілген күні: 11.09.2021 ж., 16.00

Іс-шараның мақсаты: Студенттерді қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз тіліне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс, АЖ-18-6 тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Бейбітхан Е.

 

Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Бейбітхан Е. ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді.

         Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушілері Ақылбекқызы Гүлдана мен Ысмағұл Мөлдірге берілді. Мөлдір Елбасымыздың тіл туралы айтылған Қазақстан халқына жолдауы туралы қысқаша мәлімет берді.

Келесі кезекте тіл туралы студенттердің дайындаған бейнеролигі көрсетілді.

Келесі кезекте топ студенттері тіл туралы қызықты мәліметтер мен өлең жолдарын оқыды.

         Ашық сабақта Жексенбаева Айгерім «Тіл ғұмыры» әнін орындады.

         Келесі кезекте студеттеріміздің көкейіндегі сұрақтарға жауап беру мақсатында топ студенттеріміз Исмайлов Ернар мен Әлішер Рахматулла кахутта тест дайындап, студенттерге қойды.

Куратор-эдвайзер: Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі деп қорытындылап ашық сабақты аяқтады.