Шығыс тілінің білгірі

23 қыркүйек, 2011

22 қыркүйек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырған Тілдер фестивалі аясында тұңғыш рет «Шығыс тілінің білгірі: Қытай классик ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқудан» сайыс өткізді.

Сайысқа қонақ әрі қазылар алқасы ретінде Конфуций институты директоры Р Асылбеков, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университеті Шығыс тілдер кафедрасының ұстазы Тао Цзиньсуң, Конфуций институты қызметкерлері Қалиасқарқызы Сара және Задаханұлы Шалқар және кафедра аға оқытушысы Абдурақын Нұрхалық қатысып, сайыскерлер өнерін бағалады.

Байқау шығыстану факульететінің деканы ф.ғ.д. Б.Жұбатованың құттықтау сөзімен басталды. Байқау талаптарына сәйкес сайыскерлер өздерін және өлең авторын, шығарма мазмұнын қытай тілінде таныстырды. Ал, қазылар алқасының басты назарды олардың шығарманы мәнерлеп оқуына аударды . Сайысқа 1-4 курс арасынан жалпы саны 17 студент қатысты. Солардың ішінде жүлделі бірінші орынды 1 курс студенті Болат Аякөз, 2-орынды 1 курс магистранты Қабидын Қали, 3-орынды 2 курс студенті Дәлелқызы Қарақат иеленді. Байқауды ұйымдастырушылар өз алдарына қойған мақсатына толық қол жеткізді. Байқау қытай тілін үйренуші студенттердің тілді меңгеру деңгейімен қатар, қытай ақындарының, соның ішінде классик ақындар шығармашылығымен қаншалықты таныс екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Келген қонақтар сайыстың өте жоғары деңгейде өткенін айта келе, болашақта осындай байқауларды Алматы қаласындағы ЖОО-ғы қытай тілін оқитын студенттер арасында ұйымдастырылса деген өз пікірлерін білдірді.