«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021»

4 мамыр, 2022

ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» конкусының жеңімпазы атанған Информатика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлын шын жүректен құттықтаймыз. Кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі маман ретінде сізге игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.