Профессор Ахмет Ташағыл студенттерге дәріс оқыды
Философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедраcы ұжымының ұйымдастырумен философия ғылымдарының докторы, Мимар Синан атындағы көркем өнер және мәдениет университетінің ғылыми істер жөніндегі вице-президенті, Ежелгі түркілердің дүниетанымы, тарихы және мәдениеті саласын зерттеп жүрген ғалым, профессор Ахмет Тағашыл студенттерге дәріс оқыды.
Ғалым 145-тен астам ғылыми мақалалар мен 6 кітаптың авторы, сондай-ақ, 8 ғылыми зерттеу жобаларын жүзеге асырған. Франция, Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея, Германия және Қазақстан Республикасында болып, ғылыми тәжірибелік өтілден өтіп, «Түркісой» халықаралық ұйымның, халықаралық ұйымдардың беделді мүшесі болып табылады.
Профессор Ахмет Ташағыл магистратура және Phd докторантура бағдарламасының ғылыми іс тәжірибесі аясында «Түркілерді зерттеудегі мәдени антропологиялық принциптер» және «Түркілердің этномәдени негіздері» тақырыптарында дәрістер оқыды. Аталған тақырыптардың қатарында жүргізілген дәрістердің негізінде көне түркі жазба және этноархеологиялық мәдени деректерінің ерекше үрдісі болып табылатын адам және әлем модельдерінің бірегей феномені ретіндегі концепциясының алғышарттарын қалыптастыруға тыңдаушы докторанттардың, магистранттардың мүмкіндігін туғызды. Профессор Ахмет Ташағыл жетекшілік етуімен жүргізілген дәрістерге қатысушы тыңдарман мол қызығушылығын, өзара пікірталас ретінде әр түрлі сауалдар қойып, толық жауап алды. Профессор Ахмет Ташағыл мырзаны қазақ елі магистранттарының ізденісіне деген әрі арман мүдделерінен туған әр түрлі ойлары ойландырды және дән ризашылығын қорытынды дәрісінде атап өтті.
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы