Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің 3-курс студенті Ақылбек Айшат – оқу озаты. Қиын да қызықты қытай тілін үйренумен қатар, Айшат спортты да серік етеді, дойбыдан спорт шебері. Қазақтың қаршадай қызы әр жарыс сайын өзінің жоғарғы деңгейін көрсетіп келеді.
Биыл 24 сәуір мен 4 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында өткен «64» дойбысы бойынша Қазақстан Республикасының чеспионатына Айшатты ақ жол тілеп шығарып салдық. Қызымыз үмітті ақтады: әйелдер арасында классика (45 мин. + 10сек) бойынша 2-орын, рапид (7 мин. + 5сек) бойынша 3-орын және блиц (3 мин. + 2сек) бойынша 1-орынды иеленді.
Спорттық іс-сапар оқу семестрі уақытында болып жатқанына қарамастан, Айшат оқу үдерісінен де қол үзбеді. Берілген тапсырмаларды уақытында орындап, үнемі байланыста болды.
Айшатты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңісті күндерің көп болсын, жақсы маман болып шығуыңа тілектеспіз дегіміз келеді.