- Басты бет
- Жаңалықтар
- Дөңгелек үстелде Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының перспективалық бағыттары талқыланды
Дөңгелек үстелде Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының перспективалық бағыттары талқыланды
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 211 аудиториясында Қазақстандық даму үлгісінің философиялық–мәдениеттанымдық парадигмасы (қазақ елі – жерұйық) жобасының аясында «Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының перспективалық бағыттары» тақырыбында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты мен өзектілігі жаңа әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси жағдайдағы Қазақстанның шындығы мен даму перспективасын талқылау мен мемлекеттің ұлттық мүддесіне негізделген қоғамдық және мемлекеттік тұрғыдан жаңару процесінің өзіндік стратегиясы мен тактикасын анықтауға байланысты туындады.
Дөңгелек үстел өзінің жұмысын түрлі ғылыми бағыттар бойынша: - философиялық бағыт «Қазіргі Қазақстанның жаңа мәдени-философиялық құндылықтары»; - саясаттану бағыты «Қазақстанның жаңа саяси кеңістіктегі орны мен рөлі»; - социологиялық бағыт «Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің социологиялық өлшемдері»; - психологиялық бағыт «Қазақстан қоғамындағы түбегейті өзгерістерінің азаматтардың психологиялық көңіл-күйіне әсері»; - педагогикалық бағыт «Қазақстанның білім жүйесін реформалау әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мүмкіндігі ретінде» жүргізді. Дөңгелек үстелдің жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының және ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің жанындағы этносаралық қатынастар мәселелерін зерттеу орталығының ғалымдары қатысты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі