Жылдамдатылған өнеркәсіптік-инновациялық дамуға арналған мамандар
Жылдамдатылған өнеркәсіптік-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 100 мың маманды оқыту қажет. Қамтамасыз ету жұмысы білім беру ұйымдарында қайта даярлау және квалификацияны жоғарылату арқылы жасалынады. Осы мәселелер «Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық ынтамақтастыққа 20 жыл» атты форумда талқыланды. Сонымен қатар, «Түлектердің құзыретіне деген жұмыс берушілердің талаптары» жайындағы сауалнама нәтижелері ұсынылды.
Форум жұмысында 200-ден астам өкіл қатысты, олардың арасында ұлттық және шетел компанияларының өкілдері, мемлекеттік басқарма органдары, даму институттары, үлкен және орта бизнес өкілдері. Форум жұмысында өнеркәсіп және технология вице-министрі А. Рау, «Самұрық-Қазына» қорының төраға орынбасары А. Карибжанов, ҚР экономикалық даму және сауда Министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту төрағасы Қ. Айтекенов, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономика палатасының төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстандағы Германия елшісі, доктор Хертц, неміс экономика клуб елшісі доктор Цвингенбергер және т.б.
Мансап және бизнес орталығы