XXI ғасыр және ғылым

25 мамыр, 2022

Біздің заманымызда ғылыми зерттеулер мен тәсілдердің маңыздылығына сенімін жоғалтпаған адамдардың әлі де бар екенін түсіну – өте маңызды. Осындай өз уақытын ғылыми зерттеулерге арнайтын, ғылыми байланыстарды қолдайтын, ғылыми бағытта тәжірибе алмасып, ғылыми ортада қарым-қатынас деңгейін көтеруші ғалым адамдардың бірі – Түрксой кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының кандидаты Эгамбердиев Мирзахан Шәріпұлы.


Ағымдағы жыл Мирзахан Шәріпұлы үшін ғылыми және білім беру сипатындағы көптеген оқиғаларға толы болды және сіздерге Түркия мемлекеті, Анкара қаласының Хажеттепин университеті жанындағы Ататүрік атындағы институтта Эразмус бағдарламасы шеңберінде өткізілген ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжірибе туралы айтып бергіміз келеді. Осы шараға Мирзахан Шәріпұлы қатысып, ат салысты.

Аталған шара 2022 жылғы 8 сәуір мен 8 мамыр аралығындағы кезеңді қамтыды, бағдарлама шеңберінде магистранттар мен докторанттарға арналған конференциялар өткізілді. Ғылыми кездесулер барысында Қазақстанды кеңестендірудегі армяндардың рөліне қатысты маңызды тақырыптар қозғалып, Қазақстандағы армян диаспорасының мәселелері баяндалды, сондай-ақ Левон Мирзоянның 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырудағы рөлі туралы көптеген баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар топонимикалық материалдар жинағы және Түркия Республикасының қалыптасуына салыстырмалы талдау жасау бойынша ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мұстафа Кемал Ататүріктің қосқан үлесіне қатысты жаңа, қызықты деректер практикум тыңдаушылары мен қатысушыларына ұсынылды.

Іс-шара бағдарламасына әскери-тарихи мұражайларды аралау енгізілді. Кафедра меңгерушісі әріптестерімен бірге Газиантеп, Шанлыурфа, Адана, Конья және Анкара қалаларында іссапармен болды. Ғылыми пікірталастар кезінде семинарға қатысушылар түрік халқының ұлт-азаттық күресінде осы қалалардың атқарған рөлі туралы көптеген ақпарат алды. Сондай-ақ Түркияның бірігейлігі мен қазіргі замандағы ұлттық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілгенін атап өткен жөн. Анкара қаласындағы Ұлттық кітапхана мен Түркия президентінің мұрағатына бару шарасы маңызды құжаттар мен қолжазбалармен танысуға мүмкіндік берді.

Кафедра меңгерушісі Хажы Байрам Вели университетінің ғалымдары профессор Оджал Огуз, профессор Сүлейман Южел Шенюрт, доценттер Евим Олчер және Туна Йылдыз, Гази университетінің профессоры Мехмед Шахингозем және доцент Айхан Паламен, Хажеттепе университеті жанынан құрылған Ататүрік институтының ғалымдары, профессор Мехмед Дервиш Кылынчкая және профессор Сейфи Йылдырыммен кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

Осы кездесулердің нәтижесінде зерттеудің теориялық және әдіснамалық проблемалары, зерттеу тобының жалпы шеңберін құру саласында тәжірибелерімен бөлісті. Келісім нәтижесінде доцент Туна Йылдыз «Қазақстандағы дипломатиялық миссиялар мен зияткерлік үрдістер» жобасының зерттеу тобына енгізілді. ҚР БҒМ 2022-2024 жж. арналған ПФИ конкурсына берілді. Біздің әріптесіміз Мирзахан Шәріпбайұлы болашақтың ғылымда екенін дәлелдеді!

 

Э. Дулаева,

ТҮРКСОЙ кафедрасының доценті.

А. Халел,

ТҮРКСОЙ кафедрасының аға оқытушысы