Farabi University

Торайғыров университетінде «Пандемияның экономикалық дамуға әсері» тақырыбында экономикалық мамандықтар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының халықаралық байқауы өтті.

«Пандемияның экономикалық дамуға әсері» тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының байқауы екі секция бойынша өткізілді: 1) Кәсіпкерлік және экономикалық белсенділік; 2) Жұмыспен қамту және жұмыссыздық.

Байқауға экономикалық мамандықтары бойынша 3 және 4 курстарда оқитын қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Торайғыров университеті, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті (Қаржы университеті), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және т.б.

Біздің «Экономика» мамандығының 3 курс студенттері Айтназаров Темур мен Қадырбекова Далила «Пандемия жағдайындағы Қазақстан экономикасының даму перспективалары» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен қатысты. Ал байқау қорытындысы бойынша «Кәсіпкерлік және экономикалық белсенділік» секциясы бойынша 3-дәрежелі Дипломға ие болды. Жұмыстың ғылыми жетекшісі э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының профессор м.а. Андабаева Г.К.