ЭБЖМ Түлектер күні – 2022

28 мамыр, 2022

2022 жылдың 28 мамырында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі жыл сайынғы дәстүрлітүлектер күнін өткізді.

2022 жылғы Түлектер күніне мемлекеттік органдардың, ғылым және бизнес-қоғамдастықтардың, Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің серіктес университеттерінің өкілдері болып табылатын әр жылдардағы мерейтойлық түлектері, Экономика жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.

БЖМ-2022 Түлектер күнін" э.ғ.к., профессор м.а. Л.А.Бимендиева ашып, 1991 жылғы Экономика факультетінің түлегі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі - проректоры Фатима Надырқызы Жақыповаға алғы сөз берді. Содан кейін дәстүр бойынша қонақтар мен түлектер "Gaudeamus" халықаралық студенттер әнұранын шырқады.

Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысы Экономика факультеттің 1961 жылғы түлегі, э.ғ.д., профессор У.К.Шеденов және 1979 жылғы түлегі М.С.Төлегенованың құттықтау сөзімен жалғасты.

ЭЖБМ студенттері атынан 3 курс студенті Таждинов Нұрсұлтан домбырада күй тартты.

"Тұран" университетінің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Лейла Амангелдіқызы Түсіпова құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Туған факультетіне әр жылдың мерейтойлық түлектері құттықтау сөз сөйледі: Қалибеков Мақсат – QBI Analytics компаниясының құрылтайшысы, директоры; Серікбекұлы Асхат – Экономикалық зерттеулер орталығының директоры; Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлы – Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылдық округінің әкімі; Жидебекқызы Ақнұр - ЭБЖМ деканының орынбасары; Баймуратова Мадина – жеке кәсіпкер; Джамашева Әсел – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы.Олар студенттік жылдар туралы естеліктерімен, өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ ЭБЖМ мен кафедралар ұйымдастыратын іс-шаралар шеңберінде ғана емес, сонымен қатар бейресми жұмыс және жеке кездесулер деңгейінде студенттермен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға үміт білдірді.

"Экономика" кафедрасының түлектері тәжірибе алмасу, өндірістік тәжірибені өткізу бойынша білім алушылармен байланыс орнату бойынша ұсыныстарын білдірді. Мақсат Қалибеков студенттердің жұмыс берушілермен бірлескен жұмыс жүргізу идеясын алға тартты.

Мерейтойлық жылдар түлектерінің сөзінен кейін Экономика және бизнес жоғары мектебініңстуденттері музыкалық өнерін көрсетті. «Экономика» кафедрасы атынан: Кенжибекова Айнұр сөз сөйлеп – «Күйлерден попурри», «Қаржы және есеп» кафедрасы атынан 2 курс студенті Хусаинов Әділет «Отан ана» әнін паш етті.

«Менеджмент» кафедрасының түлегі, президенттік стипендия иегері, қызыл дипломға үміткер Көптілеуова Қымбат Нұртілеуқызы 2022 жылғы түлектер атынан құттықтау сөз сөйледі.

Дәстүр бойынша үздік студенттерге жеке шәкіртақы тағайындалып, әр жылғы түлектерге материалдық жәрдемақылар берілді. Университет жобаларын қолдау мақсатында түлектер қатысушылары 30 студентке шәкіртақы тағайындады.

ЭБЖМ студенттерінің атынан «Бизнес технологиялар» кафедрасының 4 курс студенті Казыбаева Маржан  - "Қазақстаным алға" атты музыкалық сәлемдеме жолдады.

Кездесу соңында ЭБЖМ деканы э.ғ.к., профессор м.а. Л.А.Бимендиева байланыстарды дамыту, түлектер базасын кеңейту, қонақ дәрістерін, шеберлік сыныптарын қалыптастыру, студенттерге түрлі беделді конкурстардың қатысуына ықпал ету, нетворкингті дамыту сияқты мәселелерді көтеріп, кешті қорытындылады.

ЭБЖМ түлегі күнінің соңында "Қошасу вальсі" атты музыкалық нөмірі кездесуге қатысушыларды ән мәтінінің әуезділігімен және терең сөздерімен қатты таң қалдырды. Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көптеген көрнекті қазақстандық ғалымдардың, мемлекеттік қайраткерлердің, белгілі бизнесмендердің, ректорлардың, спортшылардың еліміз мақтан тұтатын Alma-mater-і болып табылады!