“Түлектер күніне” арналған салтанатты кездесу өтті

30 мамыр, 2022

Кездесу шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлының құттықтау сөздерімен басталып, ары қарай деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әмірбекова Үмітай Әбдіқаппарқызы мен деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жақыбаева Салтанат Төлеуқызы сөз сөйледі. 

 

 

Түлектерге арнайы дайындалған концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Концертте факультетіміздің студенттері қытай халық биін билеп, үнді, жапон тілдерінде ән айтып, электрогитара мен домбырада күй тартып өнер көрсетті.

 

 

 

 

Ары қарай түлектер өз ыстық лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін айтып, кафедраларына естелікке сый тарту етті. Бірнеше студенттерге ақшалай шәкіртақы сыйланды.

 

 

Кездесу соңында шараға белсенді қатысқан түлектерге алғыс хаттар берілді.

 

Мерекелеік іс-шараның қысқаша бейне материалын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.

https://www.instagram.com/tv/CeLiKxkj5Fl/?igshid=YmMyMTA2M2Y=