ҚазҰУ ғалымдары мемлекеттік наградаға ие болды

1 маусым, 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан және ғылыми қызметке айрықша еңбек сіңірген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаға ие болды.  Солардың қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы ғалымдары бар.


Атап айтқанда,  ҚазҰУ жанындағы "Цифрлық технологиялар және робототехника" ғылыми-білім беру орталығының директоры  Жұмаділ Байкөншеков,

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі Назарбай Блиев «Парасат» орденімен,

Биология және  биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры Амангелді Бисенбаев пен физика-математика ғылымдарының докторы,

профессор Уалбай Өмірбаев «Құрмет» орденімен,

физика-техникалық факультетінің деканы Асқар Дәулетов  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі