4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым, 2022

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!

 

Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміз бен ұлттық рухымыздың айшықты белгісі саналатын  Мемлекеттік рәміздеріміздің бекітілгеніне биыл 30 жыл толып отыр.

Халқымыз үшін – Ту, Елтаңба және Әнұранымыз аса қасиетті құндылық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы.

Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз.

Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы» – дей келе, жастардың отаншылдық рухын күшейту керектігін атап өтті.

Әрбір азамат қандай білім игерсе де, қандай кәсіп иесі болмасын, ең алдымен ел мен жерін бағалап, туын биік ұсатуы керек.

Бұған, әсіресе, жастар айрықша мән беруі тиіс!

Бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің нышаны – Мемлекеттік рәміздеріміз арқылы Қазақ Елінің абыройы биіктеп, халқымыздың рухы асқақтай берсін!

Әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге тыныштық тілеймін!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ