ҚазҰУ-да үш сайлау учаскесі жұмыс істеуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдумға дауыс беру үшін үш сайлау учаскесі белгіленіп, жұмыс істеуде.
№568, №258 және №259 учаскелік комиссия өз жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қалашықта орналасқан №259 сайлау учаскесіне барып, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Кейін білім ордасының басшысы ҚазҰУ аумағындағы өзге де сайлау учаскелерін аралады.
Университетте орналасқан учаскелік сайлау комиссиясында бекітілген тізім бойынша жергілікті тұрғындар мен ҚазҰУ ұжымы, сондай-ақ студенттер республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруде.
Айта кетейік, ҚазҰУ аумағында орналасқан үш сайлау учаскесінде 1333 адам дауыс беруші ретінде тіркелген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі