ҚазҰУ-дың магистранттарын шет ел ЖОО-да оқыту
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттарына 2011-2012 оқу жылдарының күзгі семестріне шетел ЖОО-ның (Қытай, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Корея мен Ресей және т.б.) біріне оқуға мүмкіндіктер беруде.
Шел елге шығатын магистранттарға:
-оқу ақысының шығындары (оқу курстарының төлемақысы);
-жол жүру шығыны;
-медициналық сақтандыру мен виза рәсімдеу шығындары;
-105 күнге тұру шығындары.
Шет елде білім алушы магистрант-үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:
-2 курс магистранты;
-мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу;
-үлгерімі жоғары («В-» төмен болмауы керек);
-шет тілін жақсы меңгерулері қажет.
Шетелдік іс-сапардың негізгі шарты шет ел ЖОО-да міндетті кредит сынақтарын оқып келуі керек.
Құжаттарды рәсімдеу бойынша сұрақтарды 14-07 кабинетке келіп хабарласуыңызға болады. (тел: 377-33-95).
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты