2022 жылдың 13 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде «ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ» ААҚ профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Professional Week-2022»-2022» «Факультет тұрғысынан университет дамуының жаңа моделі» тақырыбында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өтті. Заң факультетінің деканы з.ғ.д., профессор Байдельдинов Д.Л. атқарылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.С. баяндама жасады. Профессор Ибраева А.С. баяндамасы «Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жаңартуға арналды.
З.ғ.к., профессор, деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Әлімқұлов Е.Т. баяндамасын ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру және заң ғылымдары бойынша ғылыми мақалаларға сілтеме жасауды арттыру мәселелеріне арнады.
Сондай-ақ заң факультетінің ДОТ үйлестірушісі, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Р.Қ.Нұранова және кеден ісі, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы А.А.Есекееваның баяндамалары тыңдалды.