«Қазіргі әдебиеттану ғылымы: ұлттық таным және эстетикалық талғам мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

21 маусым, 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2022 жылдың 17 маусымында қазақ әдебиеттануына қомақты үлес қосқан ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор МӘМБЕТОВ ЖОЛДАСБЕК ОРМАХАНҰЛЫНЫҢ 60 жасқа толуына орай өтетін «Қазіргі әдебиеттану ғылымы: ұлттық таным және эстетикалық талғам мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияға қазақстандық ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері шақырылады. Конференция аясында отандық және әлемдік әдебиеттану ғылымының даму бағыттары мен тенденциялары талқыланады.

Конференцияда қарастырылатын мәселелер:

- Қазіргі отандық әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;

- Қазіргі әдеби сын және оның даму бағыттары;

- Қазақстандағы фольклортану ғылымы: өткені, бүгіні, болашағы;

- Көркем мәтін поэтикасы;

- ЖОО мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдіс-тәсілдері:

Конференция 2022 жылдың 17 маусымында сағат 11:00-де Әл-Фараби кітапханасының 409 залында офлайн және онлайн «Zoom» платформасында басталады.

Шараға келесі сілтеме бойынша қосылу қажет.

Конференция сілтемесі:

Конференция идентификаторы:

Конференцияға қосылу коды:

Байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-30 (ішкі нөмір: 1330); 8707-290-75-46 (Гүлназ); 8778-683-32-55 (Ұлжалғас);

Қатысу шарттары.

Конференция қазақ және орыс тілінде өтеді. Конференция материалдарын екі тілде электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған.

Материалдар 2022 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады.

Конференция бағдарламасына қосу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасы электронды түрде (міндетті түрде) ұсынылуы қажет.

Конференция материалдарының жинағының шығуына жауапты редактор:

Ф.ғ.к., доцент Самал Дәрібаев

Е-mail: kazlit19@gmail.com

Телефоны: 8707-290-75-46 (Гүлназ); 8778-683-32-55 (Ұлжалғас);

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Материалдар электронды нұсқада kazlit19@gmail.com

почтасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word құжаты» форматында сақталуы тиіс.

2. Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14 кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет (үлгіні қараңыз).

3. Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында (үлгіні қараңыз).

4. Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) шрифтімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.

5. Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman (кегль 12) (үлгіні қараңыз).

6. Әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің №, сондай-ақ беттің № (үлгіні қараңыз) тұрады.

7. Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді (үлгіні қараңыз).

8. Материалдардың көлемі 8 беттен аспауы тиіс.

Назар аударыңыз! Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.

ҮЛГІ

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

Маратов М.М. Қазақстан, Алматы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация (50-70 сөз)

Кіріспе

Негізгі бөлім [1, 1 б.].

Қорытынды

Әдебиеттер

ӘДЕБИЕТТЕР (үлгі):

1. Автор. Атауы. Басылым орны. Шығарылған жылы, беті.

Автор туралы мәлімет: Аты-жөні (толық); қала; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі, атағы; байланыс үшін байланысу ақпараты (телефон, E-mail)