"Тарих сабақтары" тақырыбына бейнероликтер конкурсы

22 маусым, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық ғылымды дамыту орталығымен бірлесіп студенттер арасында "Тарих сабақтары" тақырыбында бейнероликтер байқауын өткізді. Осы байқаудың қорытындысы бойынша "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының 2 курс МП-21к тобының студенттері 3 орынды жеңіп алып, сертификатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Халықаралық құқық кафедрасы байқауға қатысқан студенттерге алғысын білдіреді, сондай-ақ МП-21к тобын шын жүректен құттықтап, оқуда табыс тілейді!