Өткен жексенбі күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде георафия және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының құрылғанына 15 жыл толуына байланысты Күмбель шыңына (3200м) жаппай жорық болды.
Жорыққа 100-ден астам студент пен оқытушылар қатысып, оның 83-і шыңға көтерілді. Аталмыш іс-шара жыл сайын география және туризм кафедрасымен Дүниежүзілік туризм күніне орайластырып ұйымдастырылды. Іс-шара 1-курс студенттерін шыдамдылыққа сынақ ретінде өткізілетін жақсы дәстүрге айналды. Жорық өтуіне қолайлы ауа-райы, қатысушылардың жеңіске деген құлшынысы, шың басында базалық лагерь ұйымдастырған. ҚазҰУ –де альпинизм секциясы спортшыларының техникалық қолдауымен штатты режимде өтті. Шыңға шыққандардың барлығы да арнайы дайындалған естелік белгілермен марапатталды. Бұл жолы шыңды бағындырғандар көңілдері жабырқаған жоқ, себебі сергектік пен қуат күшін алды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі