ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ҚАЗҰУ-ҒА КЕЛДІ

1 шілде, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы келді. Министр білім ордасында атқарылған жұмыстармен және алдағы даму жоспарымен танысты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев министрге ағымдағы оқу жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарынан мағлұмат берді. Сонымен қатар оқу орнының Стратегиялық даму жоспарында айқындалған міндеттерге тоқталды.

Жұмыс сапары кезінде министр оқу ғимараттарында болып, жаңарған оқу аудиториялары мен зертханалардың жай-күйімен танысты.

Бұдан кейін министр Әл-Фараби кітапханасында ұйымдастырылған  ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктері көрмесін тамашалады.

Кездесу соңында Жансейіт Түймебаев министрге ҚазҰУ құрылысының ΙI кезеңі жайлы баяндап, жатақхана, оқу корпустары мен қызметтік тұрғын үйлер жобасын көрсетті.

Соңында министр оқытушы-профессорлар құрамымен ғылымды дамыту мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі