Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!
Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елорда – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі.
Бас қаламыз — береке-бірлігіміз бен жарасты тірлігіміздің жемісі мен жеңісі.
Астананың өсіп-өркендеуіне, құлпырып-жайнауына әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз ұшан-теңіз.
Елорданың болашағы – білімді, іскер жастардың қолында!
Еліміздің абыройы асқақтап, халқымыздың мәртебесі арта берсін!
Сіздерге мықты денсаулық, елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
Басқа жаңалықтар
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024