География және табиғатты пайдалану факультеті

18 шілде, 2022

География және табиғатты пайдалану факультеті (1948 жылы ашылған) – барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттіліктері жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Қазақстанның білім беру ХАБ-ы.

Факультеттің барлық білім беру бағдарламалары халықаралық және ұлттық аккредитациядан өткен. Факультет құрамына практикалық жұмыс тәжірибесі бар 275 жоғары білікті профессор-оқытушылар кіреді, оның ішінде ғылым докторлары – 32, кандидаттар – 89, PhD докторлары – 34. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары – 2, ҚР ЖОО үздік оқытушылары – 25. Жыл сайын бейіндік пәндерді оқу үшін жұмыс берушілердің өкілдері мен шетелдік әріптестер шақырылады. Факультетте алыс және жақын шетел студенттері оқиды.

Үш деңгейлі оқыту жүйесі бойынша мамандар даярлануда, қосдипломды бірлескен білім беру бағдарламалары: Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті, бірлескен оқу бағдарламасы, Erasmus+ және т.б. дайындалып, іске асырылуда.

География және табиғатты пайдалану факультетінде «Географиялық зерттеулер және қосымша кәсіби білім беру»; «Сандық картография және қолданбалы геодезия»; «Климат және тұрақтылық мәселелері бойынша COMSATS»; «Рекреация және туризм проблемалары» ғылыми орталықтары жұмыс істейді.

Факультеттің ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен: Колумбия университеті (Нью-Йорк, АҚШ), Оксфорд университеті (Ұлыбритания), Гонконг политехникалық университеті (Гонконг), Лиссабон политехникалық университеті (Португалия) және т.б. шетелдік жетекші университеттердегі серіктестік негізінде тығыз байланыста жүзеге асырылады.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Бакалавриат

6В05205 – География

6В07303 – Жерге орналастыру

6В07304 – Кадастр

6В05203 – Гидрология

6В05204 – Метеорология

6В07301 – Геодезия және картография

6В07302 – Геоинформатика

6В05206 – Табиғи-техногенді қауіп-қатерлер

6В11101 – Туризм

6В11103 – Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі

6В05202 – Экология

6В11201 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

 

Магистратура

7M01505 – География

7M05203 – География

7M05204 – Қоршаған ортаны геокеңістіктік басқару

7M05205 – География (УРФУ)

7M05214 – Геоақпараттық картография

7M05206 – Гидрология

7M05207 – Метеорология

7M05208 – Геоэкологиялық жобалау (РХДУ)

7M05209 – Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

7M05210 – Табиғи-техногенді қауіп-қатерлер

7M05211 – Экология

7M05213 – Экология және табиғатты пайдалану (БелМУ)

7M07301 – Геодезия

7M07302 – Геоинформатика

7M07304 – Жерге орналастыру

7M07305 – Кадастр

7M11101 – Туризм

7M11102 – Туризм (РХДУ)

7M11103 – Туризм (БелМУ)

7M11104 – Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі

7M11106 – Қонақүй және мейрамхана бизнесін басқару (БелМУ)

7M11201 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

 

PhD докторантура

8D01503 – География

8D05202 – География

8D05203 – Гидрология

8D05204 – Метеорология

8D05206 – Табиғи-техногенді қауіп-қатерлер

8D05207 – Экология

8D07301 – Геодезия

8D07302 – Геоинформатика

8D07304 – Жерге орналастыру

8D11101 – Туризм

8D11102 – Туризм және қонақжайлылық