МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

19 шілде, 2022

Механика-математика факультетінің мақсаты – математика, механика, роботтық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу ғылымдары және статистика, ғарыш техникасы мен технологиялары, жоғары өнімділікті есептеу саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау.

Механика-математика факультетінде төрт кафедра жұмыс істейді: Математика, Механика, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Есептеу ғылымдары және статистика.

Факультетте «Математика және механика» ғылыми-зерттеу институты және ғылымның ең өзекті бағыттары бойынша 19 ғылыми мектептер мен зертханалар бар.

Барлық білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленеді және практиканың қажеттіліктеріне бағытталған. Сондай-ақ ҚазҰУ профессорларымен қатар, әлемге әйгілі шетелдік профессорлар, ғылыми-зерттеу институттарының профессорлары мен серіктес фирмалардың қызметкерлері сабақ беруде.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Бакалавриат

6B05402 – Математика

6B05403 – Механика

6B05401 – Актуарлық математика

6B06105 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

6B05404 – Есептеу ғылымдары және статистика

6B07110 – Робототехникалық жүйелер

6B07111 – Ғарыштық техника және технологиялар

 

Магистратура

7M05402 – Математика

7M05407 – Математика (Реймс Шампань-Арденн университетімен қос диплом бағдарламасы, Франция)

7M05401 – Актуарлық математика

7M05403 – Қолданбалы математика және басқару процестері

7M05404 – Механика

7M05405 – Механика және энергетика (Лотарингия университетімен қос диплом бағдарламасы, Франция)

7M05406 – Іргелі және қолданбалы математика

7M06106 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

7M06105 – Математикалық және компьютерлік модельдеу (Ресей халықтар достығы университетімен қос диплом бағдарламасы, Ресей)

7M05408 – Есептеу ғылымдары және статистика

7M07118 – Робототехникалық жүйелер

7M07119 – Ғарыштық техника және технологиялар 

 

PhD докторантура

8D05401 – Математика

8D05403 – Механика

8D05404 – Іргелі және қолданбалы математика

8D06104 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

8D05405 – Есептеу ғылымдары және статистика

8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар

8D07117 – Робототехникалық жүйелер