Журналистика факультетіне жаңа декан тағайындалды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Бұйрығымен белгілі журналист, талантты қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты Нұржан Қуантайұлы журналистика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.
Нұржан Қуантайұлы 1971 жылы, 22-қаңтарда туған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.
Қазақ радиосында аға редактор, Қазақстан Журналистер одағына қарасты Журналистердi қолдау қорының вице-президентi, «Жас алаш», «Ақ жол - Қазақстан», «Айқын», «Алматы ақшамы» басылымдарында жауапты қызметтер атқарып, «Шығыс ақпарат» медиа-холдингін басқарған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде аға оқытушы, «Tenge monitor» газетінің бас редакторы қызметтерін қатар атқарған.
Қазақ жауарналистикасының ұстаханасы – журналистика факультеті жаңа белестерге көтеріледі деп сенеміз.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/3748691102668aabb7cc4b4725412479_2.jpeg)
![](/storage/news/3725685914668aaba6731d2115234536_1.jpeg)
![](/storage/news/3056523547668a22404a468225082826_1.jpeg)